Дональд Трамп АҚШ-та ешкім білмейтін құпия қару бар екенін жария етті

380

Президент Дональд Трамп АҚШ-та көпшілікке жария етілмеген, жетілдірілген қару-жарақ жүйелері бар екенін айтты.

Дональд Трамп АҚШ-та ешкім білмейтін құпия қару бар екенін жария етті Фото: www.yahoo.com

Оның сөзінше, АҚШ қазіргі таңда әлемде әскери технология бойынша көшбасшы ел болып қала береді және елдің қорғаныс әлеуеті бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен.

Ол Қытаймен бәсеке жағдайында Вашингтонның "жаңа деңгейдегі қорғаныс жүйелеріне" иек артатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Дональд Трамп АҚШ билігі "Golden Dome" атты жаңа зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін әзірлеу жобасын қолға алғанын мәлімдеді.

Бұл бағдарлама ел аумағын ықтимал ядролық және баллистикалық қауіптерден қорғауға бағытталған. Алайда аталған қару-жарақ жүйелерінің нақты түрлері мен техникалық сипаттамалары жөнінде толық ақпарат берген жоқ.

Пентагон да Дональд Трамптың мәлімдемесіне байланысты ресми түсініктеме жасаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу