Дональд Трамп FIFA-ның алғашқы "Бейбітшілік" сыйлығына ие болды

228

Марапат Вашингтонда өткен 2026 жылғы Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі кезінде табысталды.

Дональд Трамп FIFA-ның алғашқы "Бейбітшілік" сыйлығына ие болды Фото: FIFA

FIFA АҚШ Президенті Дональд Трампты ұйымның тарихындағы алғашқы – "FIFA Бейбітшілік сыйлығының" (FIFA Peace Prize) лауреаты деп жариялады.

FIFA президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, бұл сыйлық "спорт арқылы бейбітшілікті насихаттауға қосқан үлесі үшін" берілген.

Associated Press дерегінше, футбол ұйымының мұндай саяси шешім қабылдауы күтпеген жағдай болды, өйткені FIFA әдетте спорттан тыс марапаттар бермейді.

Дональд Трамп бұл құрметті "өміріндегі ең маңызды марапаттардың бірі" деп атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу