Дональд Трамп мінген ұшақ апатқа ұшырауға сәл қалды

АҚШ президенті бар әуе кемесі жолаушылары бар Spirit Airlines ұшағымен соғысып қала жаздаған.  

Дональд Трамп мінген ұшақ апатқа ұшырауға сәл қалды Фото: BBC

Трамптың Ұлыбританияға Boeing атты арнайы ұшағымен жолға шыққаны белгілі болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Business Insider-ге сілтеме жасап.

– Президенттік Boeing 747 (әскери нұсқасы VC-25A) Форт-Лодердейлден Бостонға бағыт алған Airbus A321 әуе кемесімен қиылысатын бағытқа шыққан. Диспетчер қауіпті жақындасуды байқап, Spirit ұшағының пилоттарына бағытын өзгерту туралы бірнеше рет қатаң ескерту жасаған. Тек төртінші рет қайталағаннан кейін ғана олар жауап қатқан, – делінген таратылған шұғыл хабарламада. 

Авиациялық қызметтер екі ұшақтың траекториясы Лонг-Айленд-Саунд бұғазының үстінде қиылысып қалғанын айтады. Spirit лайнері президенттік ұшақтан 2,7 шақырым төмен ұшып бара жатқан. Компания өкілдері рейс белгіленген тәртіп бойынша өткенін және ұшақ Бостонға сәтті қонғанын хабарлады.

Air Force One Лондон маңындағы Станстед әуежайына қонған. Дональд Трамп АҚШ елшісінің резиденциясына аялдап, келесі күні король ІІІ Чарльзбен кездескен көрінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу