Дональд Трамп Ресейге теңізде тұрған мұнайын сатуға рұқсат берді

109

АҚШ мұнай нарығындағы қиын жағдайға байланысты Ресей мұнайына салынған кейбір санкцияларды уақытша жеңілдетті.  

Дональд Трамп Ресейге теңізде тұрған мұнайын сатуға рұқсат берді Фото: rbc.ru

Бұл туралы BILD агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ Қаржы министрлігі теңізде тұрған танкерлердегі ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерін сатуға және жеткізуге арнайы лицензия берді. Бұл рұқсат 1 айға жарамды. Мәскеудің мәліметінше, бұл шамамен 100 миллион баррель мұнайға қатысты.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент бұл шешім Ресейге үлкен қаржылық пайда әкелмейді деп мәлімдеді. АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды Украинадағы соғыс басталғаннан кейін енгізген болатын.

Соңғы уақыттарда Ирандағы жағдайға байланысты әлемдік мұнай бағасы күрт өсті. Өйткені Ормуз бұғазы арқылы әлемдегі мұнайдың шамамен 20 пайызы тасымалданады. Қазір бұл бағытта қауіп күшейген.

Сол себепті Вашингтон мұнай тапшылығын болдырмау үшін уақытша шаралар қарастырып жатыр.

Бұған дейін АҚШ Үндістанға да ресейлік мұнайды сатып алуға уақытша рұқсат берген. Ал Германия канцлері Фридрих Мерц бұл шешімді сынға алды.

Оның айтуынша, Ресей Украинадағы соғысты тоқтатуға дайын екенін әлі көрсеткен жоқ. Сондықтан Мәскеуге қысымды күшейту керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу