Дональд Трамп тың мәлімдеме жасап, көпшілікті ойландырып қойды

326

Бұл туралы CNN хабарлады.  

Дональд Трамп тың мәлімдеме жасап, көпшілікті ойландырып қойды Фото: РБК

АҚШ президенті Дональд Трамп ішкі және сыртқы саясатқа қатысты бірнеше мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірінші мәлімдеме АҚШ-тың Ғарыштық қолбасшылығының Алабамаға көшірілуіне арналды. Ақ үй басшысы Ғарыштық қолбасшылықтың штабы Колорадо штатының Колорадо-Спрингс қаласынан Алабама штатының Хантсвилл қаласына көшетінін мәлім етті. Президенттің сөзінше, бұл шешім арқылы штатта 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға болады.

Бұл бастама Трамптың алғашқы президенттік мерзімі кезінде де айтылған болатын. 

Дональд Трамп өзінің қайтыс болғаны туралы тараған қауесеттерді жоққа шығарды. Ол демалыс күндері желіде тараған қастандық теорияларынан хабардар болмағанын айтты.

– Мен олардың "Ол аман ба? Денсаулығы қалай? Не болды?" деп сұрағанын естідім, – деді Трамп.

АҚШ басшысы Чикаго қаласына Ұлттық гвардия күштерін жіберетінін мәлімдеді, алайда оның нақты мерзімі белгісіз.

Бұл ретте Иллинойс штатының губернаторы сейсенбі күні федералды үкіметті жергілікті құқық қорғау органдарымен іс-қимылын үйлестірмеді деп айыптады. Губернатор әскер орналастырылса, бұл шешімді сотқа беруге дайын екенін жеткізді.

Бұдан басқа Ақ үй әкімшілігі Трамп енгізген ірі кедендік тарифтердің күшін жойған шешімге қарсы Жоғарғы сотқа шағым түсірмекші. Жұма күні федералды апелляциялық сот Трамп енгізген бірқатар тарифтерді заңсыз деп таныды. Сот импорттық тарифтерді енгізу Конгресстің тікелей құзыреті деп санайды.

Президент Трамп Украинада бейбітшілік орнату жолында бірқатар ілгерілеу барын атап өтті. Ол алдағы күндері осы мәселеге қатысты қызықты дүниелерді бөлісетінін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу