Дональд Трамп: Үндістан Иранның емес, Венесуэланың мұнайын сатып алады

204

АҚШ Президенті Дональд Трамп Үндістан алдағы уақытта Ираннан емес, Венесуэладан мұнай сатып алатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC басылымына сілтеме жасап.

Дональд Трамп: Үндістан Иранның емес, Венесуэланың мұнайын сатып алады Фото: president.fandom.com

Бұл туралы Дональд Трамп Вашингтоннан Флоридаға бағыт алған президенттік ұшақта журналистермен әңгіме барысында айтты. Ақпаратты Reuters агенттігі таратты.

"Біз бұл келісімнің тұжырымдамасын жасап қойдық. Келісім бар", – деді АҚШ президенті.

Дональд Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ билігі Үндістанға Венесуэла мұнайын сатып алуды қайта бастауға рұқсат беруі мүмкін екенін хабарлағаннан 1 күн өткен соң айтылды. 

Reuters дереккөздерінің мәліметінше, бұл қадам Үндістанның Ресей мұнайына тәуелділігін азайтуға бағытталған.

Вашингтон Венесуэла мұнайын Үндістан нарығына шығару арқылы Ресейдің мұнай экспортынан түсетін кірісін қысқартуды көздеп отыр. Бұл әсіресе Украинадағы соғыс жағдайында маңызды саналады.

Айта кетейік, 2025 жылдың наурызында Дональд Трамп Венесуэла мұнайын сатып алатын елдерге, оның ішінде Үндістанға да, 25 пайыздық баж салығын енгізген болатын. Енді АҚШ президенті Қытайдың да Венесуэла мұнайын сатып алу бойынша келісімге келуі мүмкін екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу