АҚШ Президенті Дональд Трамп Үндістанның Ресейден мұнай сатып алып, оны қайта сату тәжірибесіне байланысты Нью-Делиге салынатын тарифтерді "айтарлықтай" арттыруға ниетті екенін мәлімдеді.
Дональд Трамптың айтуынша, Үндістан Ресейден көп мөлшерде мұнай сатып алып, оның бір бөлігін ашық нарықта жоғары бағамен қайта сатады.
– Сондықтан мен Үндістан АҚШ-қа төлейтін кедендік баж салығын айтарлықтай арттырамын, – деді АҚШ президенті.
Сонымен қатар, Үндістанның Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымын сынға алды.
Бұған дейін, өткен аптада Дональд Трамп Үндістан мен Қытайды Ресей энергия ресурстарының ең ірі импорттаушылары деп атап, 1 тамыздан бастап Үндістанға 25 пайыздық тариф енгізілетінін хабарлаған еді.