Допинг қабылдаған ауыр атлетшілер жарыстардан шеттетілді

652

Ұлттық құрама спортшысы Артем Антроповтың допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетті. Бұдан бөлек тағы 6 спортшының допинг қабылдағаны белгілі болды.

Допинг қабылдаған ауыр атлетшілер жарыстардан шеттетілді

2023 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясына Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығынан ағымдағы жылдың 17 сәуірінде қабылданған жарыстан тыс допинг-бақылаудың оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Осылайша, оң нәтиже келесі спортшылардан табылды: Арли Чонтей, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлы.

2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясына Халықаралық тестілеу агенттігінен (ITA) Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының спортшысы Артем Антроповтың допинг-сынамасының оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті. Сынама 12 мамырда спортшының Кореяда өткен Азия чемпионатында өнер көрсеткеннен кейін алынды. Бүгінгі күні спортшылар допингке қарсы ережелерді бұзу туралы хабарлама алды. Олардың әрқайсысы бойынша соңғы шешім толық тергеуден кейін қабылданады. Жоғарыда аталған спортшылардың барлығы спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарынан уақытша шеттетілді.

Федерация допингке "мүлдем төзбеушілік" саясатын ұстана отырып, оқиғаны тәуелсіз тексеру үшін комиссия құрған. Оның құрамына Қазақстан Республикасы мен өңірлердің ҚР ААФ өкілдері кірді. Тергеудің осы кезеңінде екі негізгі нұсқа қарастырылады: спорттық тамақтануды абайсызда допинг пайдалану және спортшылардың допингті қасақана қолдануы. Тексеру үшін спортшылар дайындық кезеңінде қабылдаған спорттық тамақтану мен витаминдердің үлгілері алынды. Федерация тергеуден басқа уәкілетті органға ерлер мен әйелдер құрама командаларының бас жаттықтырушыларын қызметінен босату туралы өтініштер жолдады. Допингке қарсы жұмыстарға баса назар аудара отырып, Федерацияның жаңа ұйымдық құрылымы кеңейтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясы мен Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығы арасында допингке қарсы тәртіпті нығайтуға және ауыр атлетикада допинг қолданудың барлық жағдайларын анықтауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. ҚР ААФ ҚазДҚҰО бірлесіп ұлттық құрама командасының спортшыларында жарыстан тыс допинг-бақылаулар жүргізуге және допингке қарсы семинарлар өткізуге жүйелі негізде бастамашылық жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу