Досаев Әл-Фараби даңғылындағы ауқымды жөндеу жұмыстарын тоқтатты

Оған жалпы сомасы 2 млрд теңге қарастырылған еді. 

Досаев Әл-Фараби даңғылындағы ауқымды жөндеу жұмыстарын тоқтатты

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы әкімі Ерболат Досаев 2022 жылы мегаполис басшылығының алдында тұрған негізгі міндеттері туралы есеп берді, деп жазды inbusiness.kz.

Сөзін қаланың одан әрі сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен кірістерін арттыру бойынша жұмыстар жүргіземіз деп бастаған мегаполистің жаңа басшысы, көлік, әлеуметтік, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылымдарды дамытуға басымдық беретінін жеткізді.

Олардың алғашқысы жалпы сомасы 2 млрд теңгеге бағаланған Әл-Фараби даңғылындағы жөндеу жұмыстарын тоқтатты.

"Жаңа Алматыны кешенді дамыту жоспары аясында кемінде 100 шақырым жаңа жол салынады. Мысал ретінде, мен әл-Фараби даңғылының ШАЖ-дан Сайын көшесіне дейінгі аралықтағы орташа жөндеуге бұрын жоспарланған 2 млрд теңгені көшелер жедел жөндеуді қажет ететін аудандарға жолдар салуға қайта бөлу туралы шешім қабылдағанымды хабарлаймын. Қаланың бүгінгі күні 2022 жылы екі жол айрығы мен Әуезов көшесін ұзарту жұмыстары аяқталмақ. Биылғы жылдың мамыр айына жоспарланған екі метро станциясының пайдалануға берілуі күнделікті жолаушы ағынын 30 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады.

Айта кететіні Алматы экономикасы құрылымының 80%-ын қызмет көрсету және сауда секторы құрайды. Сондай-ақ ШОБ жаңа жұмыс орындарын ашудың және халықтың табысын арттырудың негізгі көзі болып табылады. Бүгінгі таңда 10 алматылықтың 6-сы осы салада жұмыспен қамтылған.

"Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді қолдау шараларынан басқа, жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көзделген. Соның нәтижесінде "Алматы Бизнес-2025" өңірлік бағдарламасына салым сомасын қазіргі 12 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланған. Биыл кемінде 50 мың жұмыс орны, оның ішінде 31 мыңнан астамы бизнес есебінен ашылады. Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың және ағымдағы бизнесті кеңейтудің негізгі мәселесі – білікті кадрлардың тапшылығы. Сондықтан нарық сұранысын қанағаттандыру үшін кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылады", – деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ ол халықтың нақты табысының 5%-ға дейін өсуін, ЖӨӨ-нің 4,5%-дан кем емес артуын қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын жеткізді. 

2021 жылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 11 млрд теңге бөлінді.

"Бүгінде қала базарларындағы "айналым схемасы" мен "әлеуметтік дүкендер" аясында қаржыландыруды айтарлықтай арттыру қарастырылуда. Шешім ақпан айының соңына дейін қабылданады. Жеткізу орындарына өнімді тікелей жеткізу бойынша 204 келісім-шарт, нан, күнбағыс майы және қарақұмық өндірушілерімен белгіленген баға бойынша дүкендерге жеткізу бойынша 19 меморандум жасалды", – деді әкім.

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу