Досқараев қызметінен босатылды

2552

Диас Досқараев білім алу мақсатында сапарға шығуына байланысты Қазақстан теннис Федерациясының вице-президенті қызметінен босатылды. 

Досқараев қызметінен босатылды

Диас Досқараев теннис федерациясындағы жұмыс жолын 2011 жылы "TeamKazakhstan" академиясының басқарушысы ретінде бастаған. Кейіннен атқарушы директор болып жалғастырды, ал 2016 жылдан бері Федерация вице-президенті қызметін атқарды.  

Көптеген ірі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы атанған танымал қазақстандық спортшының теннистегі тәжірибесі 20-жылдан асады. Диас Досқараев кәсіби бапкер ретінде де айтарлықтай үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Алты жыл бойы Дэвис Кубогі мен Федерация Кубогында ұлттық құрама командаларының капитаны болған.

"Федерацияда қызмет атқарған жылдар менің әрі тұлға, әрі кәсіби басқарушы ретінде қалыптасуыма үлкен әсерін тигізді. Дәл осы жерде менің мансабым ілгері жүріп, басқарушы ретінде өстім. ҚТФ Президенті Болат Жәмитұлына алғысым шексіз. 2011 жылы қарапайым бапкер болған кезімде маған сенім артып, дарынды жастарды дамытуға бағытталған "Team Kazakhstan" академиясын басқаруды тапсырды. Кейіннен Болат Жәмитұлы қызмет барысында кеңес беріп, бағыттап тұрды, тиімді басқаруға және биік нәтижелерге қол жеткізуге дағдылады. Ол менің нағыз ұстазым болды, оның мол тәжірибесі мен жоғары беделі әрдайым дұрыс басқарушылық шешімдерді қабылдауға көмектесті. Мен теннистің қарқынды дамуына атсалысқанымды мақтан тұтамын. Жақын болашақта әлем теннисінде жаңа жұлдыз туып, "Үлкен дулыға" турнирінде қазақстандық теннисші чемпион болатынына сенімдімін" - деді, Диас Досқараев.

Сонымен қатар, Болат Өтемұратов Диас Досқараевқа атқарған қызметі үшін алғысын білдіріп, оның жұмысқа деген құштарлығы мен жанкештілігін, сондай-ақ, Қазақстанда теннис саласының ауқымды дамуына, халықаралық деңгейде қалыптасуына зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу