Дрондардың ұшу уақыты ұзаруы мүмкін

14972

Енді дрондар қуаттаусыз жаңа термофотоэлектрлі қозғалтқыштың көмегімен бірнеше күн ұша алатын болды.

Дрондардың ұшу уақыты ұзаруы мүмкін

Берклидегі Калифорния университетінің инженерлері термофотоэлектрлі компоненттер негізіндегі қозғалтқышты ойлап тапты. Бұл құрылғы жылу мен жарықтан қажетті энергия алуға мүмкіндік береді. Зерттеушілердің айтуынша, егер бұл жоба сәтті шықса, жақын арада дрондардың ұшу уақыты едәуір ұзарады.

Айта кету керек, соңғы 15 жылда жылуды электр қуатына айналдыратын құрылғалардың тиімділігі тек 23 пайызды құраған еді. Биыл Калифорния университетінің ғалымдары  бұл көрсеткішті 29 пайызға дейін көтерді. Алдағы уақытта олар 50 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Егер жоспар іске асса, онда келесі жылдан бастап термофотоэлектрлі қозғалтқыш орнатылған дрондар қуаттаусыз бірнеше күн қатарынан істей алады. Құрастырушылардың айтуынша, мұндай қозғалтқыштың көмегімен зәулім үйлерді жарықпен қамтамасыз етуге,сондай-ақ оларды ұшқышсыз басқарылатын әуе көліктеріне орнатуға болады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу