Екпе жайлы жалған құжат сатып алу – ауруханаға билет сатып алғанмен бірдей

1459

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, өңірлерде бұл бағытта бар-жоғы 4 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды inbusiness.kz

Екпе жайлы жалған құжат сатып алу – ауруханаға билет сатып алғанмен бірдей

"Коронавирусқа қарсы вакцинаны алдым деп, жалған құжат сатып алу деген заңмен қудаланатынын ескерте кетсем деймін. Әлбетте, жалғат құжаттардың жасау фактілері анықталып жатыр. Қазіргі таңда әртүрлі өңірлерде 4 қылмыстық іс қозғалды. Бұл мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен жауапты құзырлы мекемелер істі тергеуде. Біз бұл құбылыспен белсенді түрде күрессек дейміз. Себебі бұл жағдай денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді азайтумен қатар, халықтың екпеге деген сеніміне де селкеу түсіреді",– деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау вице-министрі сонымен қатар жалған құжат жасату жағдайларын адамдардың өзін-өзі алдауы, одан бөлек қосымша қауіпке теңеді. 

"Келешекте әлбетте жалған құжатты азаматтар пайдалануы мүмкін. "Ашық" мобильді қосымшасымен белгілі бір артықшылықтарға де ие болуы ықтимал. Бірақ екпе жайлы жалған құжат сатып алу – ауруханаға билет сатып алғанмен бірдей екенін атап өту керек. Сол себепті бұл мақсатта ақпараттық түсіндіру жұмыстарын біз алдағы уақытта да жалғастырамыз. Ішкі мониторинг де қатаң жүргізіледі", – деді Марат Шоранов.

Баспасөз мәслихаты барысында журалистер "неліктен тек 4 қылмыстық іс қозғалғаны туралы" сұрақты қайтара қойды. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері осыдан бір апта бұрын ғана бар-жоғы 4 іс жөнінде сөз қозғаған болатын. Ал интернетте екпе жайлы жалған құжат сатып алу жөнінде ақпарат "өріп" жүр.

"Тағы да қайталаймыз: вакциналау толыққанды әрі сапалы жүргізілуде. Бұл құбылыспен күресуге дайынбыз. Тиісінше ақпаратты халыққа жеткіземіз. 4 қылмыстық іс ресми түрде ашылды. Тергеу жүріп жатыр. Қалған кейстер де назардан тыс қалмауы керек", – деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу