1/4 финал аясында ол әлемнің 36-ракеткасы чехиялық Иржи Лехечкамен кездесті. Бірінші сет қазақстандық теннисшінің еншісінде қалды – 6:4. Ал екінші сетте Бублик 4:1 есебімен алға шыққанда, Иржи жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.
Қарсыластар кортта 56 минут ойнады. Кездесу барысында Бублик 6 эйс жасап, 1 қос қателік жіберді. Александр үшін бұл маусымдағы үшінші жартылай финал екенін де айта кетейік. Ол 1-наурыз күні Астана уақытымен 19:00-де Дубайдағы орталық кортта Андрей Рублевпен финалдық жолдаманы сарапқа салады.
Ширек финалда қазіргі таңда Даниил Медведевтен кейінгі екінші орында тұрған ресейлік Андрей Рублев америкалық теннисші Себастьян Кордамен кездесті. Бұл матчта да Бублиткің қарсыласы секілді америкалық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде Рублев екі сетте жалпы 6:4, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын бір сағат он минутқа созылды.