Қонаевтың 7 жастағы оқушысы Дмитрий Кремпин Дубайда ашық суда жүзуден күміс жеңіп алды

235

Халықаралық додаға 20 елден 4 пен 17 жас аралығындағы 100-ден астам бала мен жасөспірім қатысып, ашық суда жүзуден жарысты. 

Қонаевтың 7 жастағы оқушысы Дмитрий Кремпин Дубайда ашық суда жүзуден күміс жеңіп алды Фото: Алматы әкімдігі

Жас спортшылардың қатарында Дмитрий де болды. Ол 500 метр қашықтықты бағындырып, жүлделі ІІ орынға табан тіреді. Қазақстан намысын қорғаған Дмитрий 5 жасынан бастап жүзумен айналысып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Дмитрий Қонаев қаласындағы "Айдария" бассейнінде жаттығады.

Жаттықтырушысы – Мадияр Кемелжан. Ол осы жетістіктермен шектеліп қалмай, келесі жылы өз шәкірттерін ірі додаларға көбірек қатыстыруды жоспарлап отыр.

Облыс орталығы Қонаев қаласында жүзу спортына арналған тек бір бассейн ғана бар. Оның қызметі ақылы. Мекеме көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы жеңілдіктер ұсынады. Бүгінгі күні мұнда 115 бала жаттығады, олардың шамамен 20-сы мүмкіндігі шектеулі балалар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу