Дубайды тастап кетуге Таяу Шығыстағы шиеленіс тікелей әсер етті деуге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кантонның қаржы директоры Цуг Хайнц Тэннлер АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы басталғаннан соң аймаққа деген қызығушылық айтарлықтай артқанын жасырмады. Оның сөзінше, билік көшу туралы сұраныстардың көбейгенін көріп отыр.
Еске салайық, Цуг кантоны қолайлы салық жүйесімен белгілі. Бұл бай шетелдіктерге кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік сыйлайды. Кантон елдегі ең төменгі салық ставкаларының біріне ие болғандықтан, ол халықаралық бизнес үшін өте ыңғайлы саналады.
Кантон – Швейцарияның орталық бөлігінде Цюрих пен Люцерн арасында орналасқан және елдің негізгі қаржылық және технологиялық кластерінің бірі. Бұл аймақта халықаралық компаниялардың, соның арасында шикізат, қаржы және IT секторларындағы бас кеңселер орналасқан. Цуг сонымен қатар блокчейн индустриясы мен криптовалюта бизнесі үшін әлемдегі жетекші орталықтардың бірі "Крипто аңғары" ретінде де танымал. Сонымен қатар, аймақтың жоғары табыс деңгейімен және қымбат жылжымайтын мүлікпен де аты шыққан.