Дубовицкая бірінші орын алды

1735

Қазақстандық Надежда Дубовицкая Стамбулда жеңіл атлетикадан өткен турнирде "алтын" медаль жеңіп алды.

Дубовицкая бірінші орын алды

Түркияның Стамбул қаласында жеңіл атлетикадан өткен Istanbul Indoor Cup 2020 сериясының European Athletics Indoor Permit Race турнирінде қазақстандық Надежда Дубовицкая алтын медальға ие болды.

Биіктікке секіру сайысында қазақстандық спортшы қызға тең келер ешкім болмады. Ол 1,90 м нәтижесін тіркеді. Екінші орынды Украина өкілі Юлия Чумаченко (1.87) иеленсе, черногориялық Мария Вукович (1.87) үздік үштіктің қатарын толықтырды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу