Дюкараевтың хет-тригі "Арланға" жеңіс сыйлады

1120

Сейсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында төрт кездесу өтті.

Дюкараевтың хет-тригі "Арланға" жеңіс сыйлады Фото: pro.ligasy.kz

Кезекті матчта "Ақтөбе" тағы да "Құлагерден" жеңісті жұлып әкетті. Матч тағдыры кездесудің соңғы минутында шешілді. Бір қызығы, қонақтар Григорий Мищенконың соққан голынан кейін екінші күн қатарынан жеңіске жетті. Михаил Шанцевтің шәкірттері Петропавлдан төрт ұпай алып қайтса, "Құлагер" қатарынан үшінші мәрте жеңіліс тапты.

 "Құлагер" - "Ақтөбе" 2:3 (1:0, 0:2, 1:1)

1:0 - 14:50 - Лызин (Васильев, Пылаев)

1:1 - 29:12 - Овечкин (Елизаров, Кузык)

1:2 - 32:43 - Григоркевич (Митряков, Потайчук) ГБ

2:2 - 51:24 - Подшендялов (Ахметов, Штайгер)

2:3 - 58:51 - Мищенко (Сошников)

ҚақпашыларХозяшев – Тихонов

"Ертіс" "Номадпен" екінші кездесуінің алғашқы кезеңінде таң қалдырды. Алаң иелері екі гол соғып алға шықты, бірақ кейін олардың ойындары алға баспады. Осы жағдай ойынның бағытын өзгертіп, "Номад" Павлодарда төрт ұпай еншіледі. Елордалық команданың капитаны Александр Пелевин осы ойында дубль авторы атанды.

 "Ертіс" - "Номад" 2:4 (2:0, 0:1, 0:3)

1:0 - 08:34 - Асуханов (Абдрашитов, Атаханов)

2:0 - 15:25 - Гончаров (Петросян)

2:1 - 22:28 - Колобов (Пелевин, Омирбеков)

2:2 - 43:01 - Пелевин (Колобов, Омирбеков)

2:3 - 46:57 - Пелевин (Колобов)

2:4 - 59:57 - Мухаметов (Диханбек, Бойко)

Қақпашылар: Нечвиенко – Шутов

Бүгін Қазақстан чемпионаты аясында өткен үшінші текетіресте арландар Бейбарысқа қарағанда мергендігімен көзге түсті. Кездесудің басты қаһарманы атыраулық қарсыластарын үш рет қапы қалдырған Владислав Дюкарев болды. Ол осы матчта үш гол соқты. Қазір командалардың ұпай сандары тең, бірақ екі команда да чемпионатта үздік үштік қатарына іліге алмады.

 "Арлан" - "Бейбарыс" 4:2 (2:1, 1:1, 1:0)

1:0 - 03:37 - Дюкарев (Преснов)

2:0 - 15:15 - Дюкарев (Гребенщиков, Лихотников)

2:1 - 18:09 - Тесленко (Попов, Болякин)

2:2 - 22:24 - Дыньков (Маркелов, Воробьев) ГБ

3:2 - 28:02 - Дюкарев (Лихотников, Карабань) ГБ

4:2 - 50:09 - Ларионов (Михайлов, Королинский) ГБ

ҚақпашыларМейдер – Доненко

Сонымен қатар "Сарыарқа" "Горнякқа" жеңіске жетуге еш мүмкіндік қалдырмады. Қазіргі чемпион өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға барын салып, қорғаныста сенімді ойнады. Антон Злобин дубль жасады. Осылайша Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде қарағандылықтар көш бастап тұр. Ал Рудныйлық ұжым әлі де үздік сегіз команда қатарына іліге алмады.

"Сарыарқа" - "Горняк" 6:1 (2:0, 1:1, 3:0)

1:0 - 10:09 - Злобин (Клещенко, Фёдоров)

2:0 - 14:39 - Борисевич (Расулов, Сиксна)

3:0 - 26:30 - Шапорев (Фёдоров, Злобин)

3:1 - 36:03 - Степанов

4:1 - 40:38 - Злобин (Борисевич, Исмагилов)

5:1 - 41:03 - Зюзякин (Анохин, Яковлев)

6:1 - 54:52 - Исмагилов (Борисевич, Злобин)

ҚақпашыларМикушин - Акулинин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу