Джанмарко Гарофоли "Астана" шабандозы атанды

935

Джанмарко Гарофоли құрлықтық командада бір маусым өткізгеннен кейін Astana Qazaqstan Team командасына ауысты. 

Джанмарко Гарофоли "Астана" шабандозы атанды

2022 жылдың соңында Әлемдік турдың командасымен бірнеше жарысқа қатысқан 20 жастағы италиялық шабандоз Astana Qazaqstan Team командасымен нео-кәсіпқой ретінде екі жылдық келісімге қол қойды (2023 және 2024 жылдарға).

"Мені армандарыма жеткізетін осы келісімшартқа қол қойғаныма өте қуаныштымын. Өткен маусым мен үшін нағыз сынақ болды және маған сеніп, Әлемдік турға қатысуға мүмкіндік берген командаға өте ризамын. Команданың сенімін толық ақтау үшін маусымды барынша жақсы бастауға ынталымын", - деді Джанмарко Гарофоли.

Джанмарко Гарофоли - жас шабандоз, ол 2021 жылғы маусымды өте сәтті өткізіп, "Джиро Валле д'Аостада" кезеңдердің бірінде жеңіске жетіп, жалпы есепте екінші орын алды. Бірақ оның 2022 жылғы маусымдағы өнеріне COVID және аурудың салдары қатты әсер етті. Дегенмен маусымның соңында Гарофоли Astana Qazaqstan Team құрамында бірнеше жарыста өнер көрсете алды: Veneto Classic және Giro del Veneto, онда ол жарысты 4-ші орынмен аяқтаған Мигель Анхель Лопеске қолдау көрсетті.

"Гарофоли "Astana Qazaqstan Team" командасымен бірге үлкен жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз. КОВИД кезінде ол өзін толықтай көрсете алмады. Десе де, әлемдік турдағы бірнеше жарысқа қатысып, ол өзін жаұсы қырынан көрсетті. Сондықтан, біз оны командамызға шақырып отырмыз. Жас шабандощға мүмкіндік беріп, үлкен жетістіктерге бізбен бірге жетсін деп шештік", - деді "Astana Qazaqstan Team" клубының бас менеджері Александр Винокуров. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу