Джиро д’Италия. 10-кезең. Жаңбырлы күні "Астананың" жолы болмады

1187

10-кезең қорытындысы бойынша Фульсанг италиялық Гранд-турдың жалпы есебінде көшбасшыға  2 минут 20 секунд уақыт ұтылып, 11-орынға түсіп қалды.  

Джиро д’Италия. 10-кезең. Жаңбырлы күні "Астананың" жолы болмады

Джиро д'Италияның 10-кезеңінің аяқталуына 10 шақырым қалғанда қауіпті әрі тайғақ құлдиға жеткенде, Якоб Фульсангтың  велосипедінің артқы дөңгелегі тесіліп қалды. "Астана Про Тим" капитанына тоқтауға мәжбүр болды. Жақын маңда команданың техникалық көлігі болмағандықтан, оған командаласы велосипедін бергенге дейін күтуге тура келді. Жарысты жалғастырған соң, Фульсанг қызғылт жейде иегері бар көшбасшының тобын қуып жету үшін бар күш-жігерін жұмсады. Бірақ нәтижесінде 1 минут 15 секунд ұтылды.

"Бұл күнді осылай өтеді деп ойлаған жоқпыз. Бүгін біздің жолымыз болмады. Ең қолайсыз сәтте велосипедімнің дөңгелегі тесіліп қалды. Бірақ жылдам жүріп келіп, маған велосипедін берген Фабио Феллинеге көп рахмет. Қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Көп уақыт жоғалтқаннан кейін шығындарымды барынша азайтуға тырыстым. Бірақ осындай жағдайға тап болдық. Біз барлығын артқа тастап, келесі кезеңдерге дайындалуымыз керек. Жарыстың финалына дейін әлі ұзақ жол бар. Жағдайды түзетуге әлі де мүмкіндік бар", – деді Якоб Фульсанг. 

Бір күндік демалыстан кейін "Джиро д'Италия" Ланчианодан Торторетоға дейінгі 177 шақырымға созылған 10-шы кезеңмен қайта басталды. Көптеген шабуылдардың, қысқа, бірақ тік орналасқан асулар мен жаңбырдың әсерінен жарыста түрлі оқиғалар орын алды және  қақтығысқа толы болды.

Толассыз шабуылдардан кейін құрылған шабандоздар тобы көш бастады. Олар біраз ғана басымдылыққа ие болды. Осы топтан шабуылға шыққан словакиялық шабандоз Петер Саган кезеңде жеңіске жетті.                          

Саганның ізімен Якоб Фульсанг пен қызғылт жейде иегері бар жалпы есептің негізгі фавориттері әрбір асуда шабуылға шығып отырды. Бірақ ешкім айқын басымдыққа ие бола алмады. Фавориттердің барлығы кезеңді бірге аяқтады. Бірақ мәреге 10 шақырым қалғанда "Астана Про Тим" капитанының велосипедінің  дөңгелегі тесіліп қалды. Бұл оның кезеңде көп уақыт жоғалтуына әкеліп соқты.

Джироның 11-ші кезеңі бүгін өтеді. Шабандоздар Порту-Сант'Элпидиодан Риминиге дейін 182 шақырым жолды бағындырады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу