Джиро д’Италия. 18-кезең. Якоб Фульсанг патшалық таулы кезеңде 4-орынға ие болды

1004

Лаги ди Канканода аяқталған "Джиро д’Италияның" патшалық 18-кезеңінде Якоб Фульсанг 4-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш шабандозға италиялық суперкөпкүндіктің бас классификациясында 6-орынға көтерілуге көмектесті. "Астана Про Тимнің" тамаша жұмысынан кейін команда капитаны лайықты өнер көрсетіп, жалпы есепте жоғары орындар үшін таласу мүмкіндігіне ие  болды.

Джиро д’Италия. 18-кезең. Якоб Фульсанг патшалық таулы кезеңде 4-орынға ие болды

"Бүгін өте қиын күн болды. Әрине, кезеңде жеңіске жеткім келді. Бірақ, соған қарамастан өзімнің көрсеткен нәтижеме көңілім толады және бүгінгі нәтиже жалпы есепте айтарлықтай алға жылжуға мүмкіндік берді. Бұл кезең жарыста әлі ештеңе шешілмегенін көрсетті және күн сайын жеңіс үшін күресті жалғастыру керек. Өзімді жақсы сезініп, жарысты керемет өткіздім. Менің ойымша, бүгін шабандоздардың әрқайсысы 100% барын салды. Алда тағы бір таулы кезең және финалдық "жекелей уақытқа арналған жарыс" бар. Көпкүндіктің Миланда қалай аяқталатынын көре жатармыз", - деді Якоб Фульсанг.

Патшалық таулы кезең Пинзолодан басталды. Қиындығы бірінші дәрежелі Лаги ди Канкано шыңына қарай бастайтын жолда, атақты Стельвио асуын қоса есептегенде шабандоздар біраз шыңды бағындырды.

Шабандоздар жарысты өте жылдам қарқынмен бастады және толассыз шабуылдардан соң көшбасшы топ құрылып, алға озды. Олардың арасында Фабио Феллине де бар болатын. "Астана" шабандозы белсенді өнер көрсетіп, кезеңді өте жақсы өткізді. Өкінішке орай, екінші асудан кейінгі құлдида Мануэле Боаро құлап қалды. Ол ауыр жарақат ала қойған жоқ. Бірақ ол жарыс жолынан шығып қалып, "Джироны" мерзімінен бұрын аяқтады.

Команданың қалған бөлігі Стельвиодағы шабуылдар басталғанға дейін Якоб Фульсангты жақсы позицияға шығару үшін 100% барын салды. Атақты шыңға жеткенде жалпы есептің фавопиттері арасында нағыз шайқас басталып, жарыс жолының соңғы асуына дейін жалғасты.

Нәтижесінде алға екі шабандоз - Тао Геоган Харт пен Джей Хиндли озды. Оның ізінен Пельо Бильбао мен Якоб Фульсанг және Вилко Келдерман ілесті. Ал қызғылт жейде иегерінің тобы аталған шабандоздардың соңынан жүріп отырды. Спринтте Геоган Хартты басып озған Хиндли финиште жеңіске жетті. Бильбао 3-орынға ие болды. Ал жеңімпазға 1 минут 25 секунд уақыт ұтылған Фульсанг 4-нәтиже көрсетті.

Вилко Келдерман "Джироның" жалпы есебі бойынша жаңа көшбасшыға айналды. 3 минут 59 секунд уақыт айырмашылығымен Якоб Фульсанг 6-орынға көтерілді. Бүгін 19-кезең өтеді. Ұзақтығы 258 шақырымды құрайтын жарыс жолы Морбеньодан басталып, 258 шақырымнан кейін Астиде мәресіне жетпек.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу