Джиро д'Италия. 2-кезең. "Астананың" тағы бір шабандозы жарыстан кетті

1192

Елордалық клубтың шабандозы Александр Власов үшін "Джиро д'Италия" аяқталды.

Джиро д'Италия. 2-кезең. "Астананың" тағы бір шабандозы жарыстан кетті

103-мәрте ұйымдастырылған "Джиро д'Италияның" алғашқы кезеңі жекелей жарыспен өткеннен кейін италиялық суперкөпкүндік екінші кезеңмен Агриджентода қайта жалғасты. Өкінішке орай, кеше Мигель Анхель Лопес кеткеннен кейін "Астана Про Тимнің" тағы бір шабандозы жарыстан шығып қалды. Асқазан ауруына байланысты Александр Власов жарыстан кетуге мәжбүр болды.

"Көңілім қалғаны соншалық, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл менің Джиродағы дебютім. Якобқа көмектесуім керек еді және бұл мен үшін үлкен жауапкершілік болатын. Ал енді осылардың орнына жарыстан кетейін деп жатырмын. Бірақ ештеңені өзгерте алмаймын. Кеше кешкісін ас қорытуда мәселелер пайда болды. Өкінішке орай жағдайым жақсара қойған жоқ. Якобқа және командаға көмектесе алмайтыным өкінішті. Бірақ, енді қазіргіден де мықты болып қайта оралатыныма сенімдімін",деді Александр Власов.

Джироның екінші кезеңі Алькамода басталып, 149 шақырымнан кейін Агрижентода қиындығы үшінші категориялы шыңда аяқталды. Кезеңнің финалы айтарлықтай жылдам және қарқынды өтіп, италиялық шабандоз Диего Улисс жеңіске жетті. Ол соңғы шақырымда негізгі топтан спринтті бастап кетті. "Астана Про Тим" командасының капитаны Якоб Фульсанг кезеңді жалпы есептің барлық фавориттермен бірге бір топта аяқтап, 12-орынға тұрақтады.

"Біріншіден, бүгін Александрдың жарыстан шығып қалғаны өте өкінішті. Бұл оның Гранд-Турдағы дебюты болуы керек еді.Оның бабы өте керемет еді. Лопестен кейін біз оны жоғалтқанымыз өкінішті. Бірақ біз енді ештеңе жасай алмаймыз. Қалай болғанда да, мен Александрға тезірек сауығып кетуін тілеймін. Бүгін бізде алғашқы толыққанды кезең өтті және бұл әдеттегідей жүйке жұқартарлықтай әрі жылдам өтті. Мануэль Боаро финалда жоғары жылдамдықпен жүріп өтіп, жақсы позицияға жетуіме көмектесті. Алдын ала күтілгендей кезең спринтпен аяқталды. Мен өз нәтижеме ризамын. Бірақ ертең бізді Этнадағы финиш күтіп тұр. Бұл Джиродағы ең үлкен алғашқы тау. Сонымен қатар вулкан маңында жалпы есеп үшін тартыс өтеді", - деді Якоб Фульсанг.

Кеше өткен жекелей уақытқа арналған жарыстың жеңімпазы Филиппо Ганна жалпы есептің көшбасшысына айналды.

Бүгін "Джиро д’Италияның" 3-кезеңі өтеді. Эннадан басталатын жарыс 150 шақырымнан кейін Этна вулканының маңында аяқталады.

 Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу