Джиро д’Италия. Александр Власов жалпы есепте 4-орынды сақтап қалды

1041

Әрқайсысы 2000 метрден жоғары үш асумен "Джиро д'Италияның" 16-кезеңі патшалық таулы кезең ретінде өтті. Бірақ ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты ұйымдастырушылар үш асудың екеуін, яғни Пассо Федайя мен Пассо Пордойды жарыс жолынын қысқартуға мәжбүр болды.

Джиро д’Италия. Александр Власов жалпы есепте 4-орынды сақтап қалды

Жоспарланған 212 шақырымның орнына 153 шақырымға дейін қысқартылған жарыс жолында тек Ла Крозетта, соңғы асу Пассо-Джау (теңіз деңгейінен 2233 метр) мен Кортина-д'Ампеццо құлдиы ғана кірді. Жарыс бағытының едәуір жеңілдегеніне қарамастан, ауа-райының күрт өзгеруіне, жаңбыр мен суыққа байланысты бүгінгі кезең жалпы есепке өзгерістер әкеліп, барлық шабандоздар үшін нағыз сынаққа айналды.

Толассыз шабуылдардан кейін, 24 шабандоздан құралған топ Ла-Крозетта асуында көш бастады. Сәл кейінірек, осы топтағы алты шабандоз қарсы шабуылға шықты. Оның ішінде Горка Исагирре де бар болатын. Ол Astana – Premier Tech капитаны бар пелотонға қарағанда 6 минуттан аса уақыт  басымдылыққа ие болып, көшбасшы топтағы ең белсенді шабандоздардың бірі болды.

Пассо-Джаудың аусының етегінде Власов келеңсіз жағдайға тап болды. Оның күртешесінің жеңі доңғалаққа ілініп қалды. Содан кейін Александр сайыстың ең маңызды сәтінде уақыт жоғалтып, тоқтауға мәжбүр болды. Власов жалпы есептің фавориттер тобына Маттео Собрероның, содан кейін көшбасшы топтан қайта оралған Горка Исагирренің қолдауымен жарыс жолына оралуға тырысты.

"Команда күні бойы өте жақсы жұмыс жасады. Соңғы сәтте болған өзгерістерге қарамастан, біз команда құрамы үшін де, шабандоздар үшін де жақсы жоспар құрдық. Осылайша кезең барысында бәрі ойдағыдай өтті. Көшбасшы топ бөлініп шықты. Ал Александр Власов пелотонда болды. Оған команданың қалған шабандоздары қолдау көрсетті. Бірақ содан кейін сәтсіздікке тап болдық - Пассо Джау асуының етегінде күртешенің жеңі дөңгелекке ілініп қалды. Маттео Собреро Александрдың топқа оралуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады және олар шешуші шабуылға шыққан Эган Бернальдан сәл ғана уақыт артта қалып қойды. Сондай-ақ, Горка Исагирре де керемет өнер көрсеті. Ол көш бастап, Власовтың алшақтықтығын барынша азайтуға тырысып, қолдау көрсетті. Нәтижесінде біз Бернальмен салыстырғанда екі минут және басқа қарсыластарға қарағанда бір жарым минут уақыт жоғалттық. Бұл өте көп. Бірақ сәтсіздікке қарамастан біз әлі де жеңіс тұғырына таласатын боламыз. Екінші демалыс күнінен кейін не болатынын көре жатармыз", - деді Astana - Premier Tech командасының спорт директоры Джузеппе Мартинелли.

Берналь фавориттер тобынан шабуылдап, соңында жекелей жеңіске жетіп, жалпы классификацияда көшбасшылығын нығайта түсті. Власов жеңімпаздан 2 минут 11 секундтан кейін мәреге жетінші болып келді. Горка Исагирре 8-нәтиже көрсетті.

Екінші демалыс алдында Берналь жарыста Дамиано Карузодан 2 минут 24 секунд, Хью Картиден 3 минут 40 секунд басымдылықпен алға шықты. Александр Власов көшбасшыдан 4 минут 18 секундқа қалып, төртінші орынды сақтап қалды.

"Мен күртешемді шеше бастағанда, жеңім дөңгелекке ілініп, жүруге кедергі келтірді. Мәселені шешу үшін тоқтау керек болды. Қуанышымызға орай, жақын жерде "техникалық" көлік болды. Біздің механик маған көмектесті. Командаластарымның қолдауымен топқа қайта оралуға тырыстым. Бірақ ол нәтиже бермеді. Өйткені мен ол кезде топтан алыс болдым. Бұл күтпеген жағдай болды. Бірақ мұны өзгерту мүмкін емес. Біз 100% барымызды салып, жарыс аяқталғанға дейін жұмыс жасадық. Бірақ мен қарсыластармен салыстырғанда уақыт жоғалттым. Бүгін өзімді өте жақсы сезіндім және менің әріптестерім мен үшін өте жақсы жұмыс жасады. Алайда біздің жолымыз болмады. Соған қарамастан, мен берілмей, үшінші аптада да сайысты одан әрі жалғастырамын", - деді Александр Власов.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу