Astana - Premier Tech командасының көшбасшысы Александр Власов 104-мәрте ұйымдастырылған Джиро д'Италия суперкөпкүндігінің қысқа, бірақ жоғары жылдамдықпен Туринде өткен жекелей жарыста лайықты нәтиже көрсетті. 8,6 шақырымдық жарыс жолында бар күшін салып, Власов екінші аралық нәтижемен сайысты аяқтап, бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 11-ші орынға ие болды.
"Мен бүгін өзімді өте жақсы сезіндім және жарыс басталғанға дейінгі жаттығуды ойдағыдай өткіздім. Сонымен, мен сайыс басталғаннан кейін дереу өз ырғағымды тауып, кезең бойы сол жылдамдықпен жүріп отырдым. Жекелей жарыс жылдам өтті және техникалық болып шықты. Көрсеткен нәтижеме көңілім толады. Мен "Джироны" барынша жақсы бастауға тырыстым және мұндай жоғары нәтиже күтпегеніммен, бұл кезең маған мотивация беретін жақсы белгі болды деп ойлаймын. Алайда, бұл тек алғашқы кезең. Ал жарыс әлі алда. Дәл қазір мен келесі кезеңдерге басты назар аударғым келеді", - деді Александр Власов.
Қазіргі әлем чемпионы Филиппо Ганна бүгінгі кезеңде жеңіске жетіп, қызғылт жейденің алғашқы иегері атанды. Оның жекелей жарыста көрсеткен нәтижесі - 8 минут 47 секунд. Александр Власов кезеңді 9 минут 12 секунд уақыт көрсеткішімен аяқтады.
Джиро д’Италия, 1-кезең. Турин – Турин, 8.6 шақырым
Кезеңнің үздік үштігі: 1. Филиппо Ганна (INEOS Grenadiers); 2. Эдоардо Аффини (Team Jumbo-Visma); 3. Тобиас Фосс (Team Jumbo-Visma).
Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 11. Александр Власов; 20. Фабио Феллине; 28. Самюэле Баттистелла.
Ермұхамед Мәулен