"Джиро ди Сицилия". "Астана" шабандозы жалпы есепте екінші орынға көтерілді

1518

Кальтаниссетта қаласында өткен "Джиро ди Сицилия" веложарысының екінші кезеңінде Astana Qazaqstan Team командасының көшбасшысы Винченцо Нибали кезең жеңімпазы Дамиано Карузодан кейін мәреге екінші болып келді.

"Джиро ди Сицилия". "Астана" шабандозы жалпы есепте екінші орынға көтерілді

"Жалпы өз нәтижеме көңілім толады. Дегенмен бұл жеңіс емес, екінші орын. Дамианоның бүгін фаворит болғаны анық. Өйткені ол биік асуларға өте жылдам көтеріледі. Жарыстарға қатыспай, ұзақ үзілістен кейін және биік таулы аймақтарда өткен оқу-жаттығу жиындарынан соң менің бабым жақсарып келе жатқандай сезінемін. Дамиано Карузоны жеңісімен құттықтағым келеді. Бүгін тағы бір сицилиялық шабандоздың жеңіске жеткені керемет. Біз жақсы доспыз. Мен ол үшін қуаныштымын. Бүгін командаммен тамаша жарыс күнін өткіздім және алда өтетін "Сицилия турының" екі кезеңіне дайындалып жатырмын", – деді Винченцо Нибали.

Astana Qazaqstan Team шабандоздары кезең бойы бірге жақсы жұмыс істеп, Винченцо Нибалиге алда болуға көмектесті және капитанды қиындықтардан қорғады. Әріптестерінің арқасында Нибали финалдық өрлеуге дейін негізгі топтан алға озып, жақсы позицияға ие болды. Дамиано Карузоның соңына түскен Винченцо жеңіс үшін күресуге тырысты. Бірақ оған сәл ғана уақыт жетпеді. Нәтижесінде, қазақстандық велокоманданың шабандозы екінші орынға ие болды.

"Біз команданың бұл күнді қалай өткізгеніне және Винченцо Нибалидің көрсеткен нәтижесіне көңіліміз толады. Карузоның мұндай жарыстарда фаворит екенін білдік және Винченцо Карузомен қатар жүріп, екінші орынға ие болғанына қуаныштымын. Биіктік таулы аймақтағы оқу-жаттығу жиынынан кейін оған толық бейімделу үшін әлі біраз уақыт керек. Бірақ бүгін Нибали дұрыс жолда келе жатқанын көрсетті. Алда тағы екі жарыс күні бар. Жұма күні Этнаға дейін өтетін патшалық таулы кезең өтеді. Жарыста не болатынын көре жатармыз", – деп қоса кетті Astana Qazaqstan Team командасының спорт директоры Джузеппе Мартинелли.

Өкінішке орай команданың екі шабандозы – Александр Винокуров пен Хуан Карлос Лопес кезең барысында қақтығысқа тап болды. Бірақ қуанышқа орай, екі шабандоз да жеңіл жарақат алып, аман қалды.

Екінші кезеңнен кейін Винченцо Нибали "Джиро ди Сицилия" велододасының жалпы есебі бойынша Карузодан небәрі 4 секундқа артта қалып, екінші орынға жайғасты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу