Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында джиу-джитсудан белдесулер жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Сингапур өкілі Ноа Тянь Рун Лимді жеңді. Осылайша қазақстандық джитсер ақтық сында оңтүстіккореялық Ли Джэёнмен өзара мықтыны анықтайды.
Дәл осы салмақта Әлинұр Қуатұлы жұбаныш белдесуінде қырғызстандық Арген Абдыманаповты жеңді. Енді жерлесіміз қола жүлде үшін өтетін айқаста сингапурлық Ноа Тянь Рун Лиммен күш сынасады.
Болатбек Сейілхан 77 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Оңтүстік Корея спортшысы Пак Джеунға жол берді. Осылайша ол қола медаль үшін өтетін белдесуде Сингапур өкілі Пол Тянь Чжи Лиммен кездеседі.
Дәл осы салмақта Адлан Мадаев жұбаныш белдесуінде Пол Тянь Чжи Лимнен (Сингапур) жеңіліп қалды.