Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің бүгін екінші күні ел қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Нақтырақ айтсақ, бүгін аталған турнирде ел намысын қорғап жатқан қазақстандық Абылайхан Жұбаназар қола медальға қол жеткізді.
81 келі салмақта сынға түсіп жүрген Жұбаназар жұбаныш белдесуінде германиялық Тимо Кавелиусты жеңіп, үшінші орын үшін күресуге мүмкіндік алады.
Ал қола медаль үшін таласта жапониялық Сотаро Фудживароны жеңіп, жүлдегерлер қатарына қосылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу