Дзюдо қазақ күресінен іргесін аулақ сала бастады

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3519

Халықаралық дзюдо федерациясы өз балуандарына басқа белдесу түрлерінде күресуге үзілді-кесілді тыйым салыпты.

Дзюдо қазақ күресінен іргесін аулақ сала бастады Фото: kazakhstanbarysy.kz

Бұл ақпаратты Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайты жариялады. Онда "Дзюдо федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) дзюдошыларға өзге белдесу түрлерінде өнер көрсетуге ресми түрде тыйым салынып отырғандығын мәлімдеді.

Бұл Халықаралық дзюдо федерациясының ережесінің 4.1 бабында жазылған екен. Онда "IJF әлемдік рейтинг тізімдерінің (кадеттер, жасөспірімдер және ересектер арасындағы) кез келгеніне кіретін спортшының дзюдодан басқа белдесу түрлерінің ешқандай халықаралық турниріне қатысуға құқы жоқ" деп жазылыпты. Тек IJF-тан арнайы (ресми) рұқсат болса ғана оған жол беріледі екен.

Сонымен қатар, IJF қандай жаза қолданатындығын да жариялапты. Бірінші рет ереже бұзғандарды – халықаралық деңгейдегі барлық турнирлерден, тіпті жаттығу жұмыстарынан, сонда-ақ басқа да шараларынан 2 айға аластату. Ал екінші рет ереже бұзғандар 2 жылға аластатылады екен. Жазаға тартылғандар 15 күннің ішінде IJF Тәртіптік комиссиясына шағымдана алатын көрінеді...

Өздеріңіз білесіздер, біздің елде дзюдошылар, әсіресе ауыр салмақтардағы алыптар, қазақ күресі турнирлеріне көп қатысады. Тіпті "Әлем Барысы" турниріне дзюдоан Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарында жүлдеге ілігіп жүрген шетелдік әйгілі балуандар да келіп, қатысып жүрді. Қазақ күресі белдесулерінің көрігін қыздырып жүрді. Енді қалай болар екен, ә?! 

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу