Бүгін дзюдодан 14 спортшы ел намысын қорғайды

314

Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің бүгін үшінші жарыс күні өтпек, татамиде еліміздің атынан 14 спортшы сынға түседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін дзюдодан 14 спортшы ел намысын қорғайды Фото: aqorda.kz

Бұл жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес, жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді.

І орын үшін – 1 мың, күміс жүлдегерге 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.

Бүгін сынға түсетін ерлер:

90 келі. Аян Байғазы – Чен Пэн-Ю (Қытайлық Тайбэй)

90 келі. Айдар Арапов – Мунхбаяр Баттагтох (Моңғолия)

90 келі. Құдырет Досымов – Милян Радулж (Сербия)

100 келі. Бейбіт Мадеев – Баймырат Мажанов (Түркіменстан)

100 келі. Бақжан Байтас – Мухсин Малаев (Тәжікстан)

100 келі. Марат Байқамұров – Даниел Дичев (Болгария)

100 келіден жоғары. Еламан Ерғалиев – Гржегож Тересинский (Польша)

100 келіден жоғары. Мәди Еділбаев – Дай Юминь (Қытай)

100 келіден жоғары. Жамбыл Тұрғыналиев – Ираклий Деметрашвили (Грузия)

+100 келі. Ерасыл Қажыбаев – бірінші айналымды өткізеді

Әйелдер:

78 келі. Назерке Тілеуханова Кала Исофи (Франция)

78 келі. Замзагүл Файзолланова Джули Хоэлтерхофф (Германия);

78 келіден жоғары. Ақерке Рамазанова Милика Забич (Сербия)

78 келіден жоғары. Толқын Тұрсынақынова Рури Такахаши (Жапония)

Іріктеу белдесулері 11:00-де басталады. Финалдық кезең 17:00-ге жоспарланған. Тікелей трансляцияны ел назарына Qazsport телеарнасы ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу