Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды

245

Ал, 2027 жылғы әлем чемпионатын Қазақстан қабылдайды.  

Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды Фото: olympic.kz

2028 жылғы дзюдодан әлем чемпионаты Швейцарияның Лозанна қаласында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Лозаннадағы Grand Slam турнирі кезінде ресми келісімге қол қойылды.

Швейцария қаласы әлем чемпионатын 55 жылдан кейін қайта қабылдайды. Бұған дейін Лозаннада әлем біріншілігі 1973 жылы өткен. Ол кезде жарыста тек ерлер бақ сынаған.

2028 жылғы әлем чемпионаты Лос-Анджелес Олимпиадасының алдында ұйымдастырылып, Олимпиадаға іріктеу кезеңдерінің бірі болады.

Айта кетейік, 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді. Қазақстандағы дода да 2028 жылғы Олимпиадаға іріктеу жарыстарының бірі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу