Дзюдодан Азия ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылардың есімдері белгілі болды

701

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) XІХ жазғы Азия ойындары өтеді.

Дзюдодан Азия ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылардың есімдері белгілі болды Фото: fdk.kz

Қазақстан атынан Азия ойындарына 33 спорт түрінен 525 спортшы қатысады. 24-27 қыркүйек күндері дзюдо бойынша 14 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы сапынан 14 татами шебері қатысады.

"Бүгінде ұлттық құрама Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр. Әрине, жылдың басты додасы саналатын жарысқа құраманы жасақтау бізге оңайға соққан жоқ. Себебі қазіргі таңда құрамада барлық салмақ бойынша бәсеке өте жоғары. Соған қарамастан біз спортшылар 2023 жылдың басынан бері қатысқан Гран-при, Grand Slam сынды ірі әлемдік жарыстардағы нәтижесіне қарай іріктеп алынды. Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлерді қуанту үшін бар күшімізді саламыз", - дейді дзюдодан Қазақстан ерлер құрама командасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Туризм және спорт министрлігі 2022 жылғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен олардың бапкерлері қанша сыйақы алатынын айтты. Сонымен, бірінші орын үшін спортшы $10 000 (4,6 млн теңге), бапкері $5 000 (2,3 млн теңге) алады. Азия ойындарында екінші орын спортшыға – 5 000 доллар (2,3 миллион теңге), бапкерге – 3 мың доллар (1,3 миллион теңге). Үшінші орын үшін спортшы 3 000 доллар (1,3 миллион теңге), бапкерге 2 000 (900 мыңнан сәл астам) алады.

Ал боксшыларға Бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтан қосымша төлемдер беріледі. Министрлік тағайындаған сыақыдан бөлек ерлер мен әйелдер командасы үшін олар алтын медаль үшін 50 000 доллар (23,1 миллион теңге), күміс үшін 30 000 доллар (13,8 миллион теңге) және қола жүлде үшін 10 000 доллар (4,6 миллион теңге) сыйақы алады. 

XІХ жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының тізімі мынадай:

Ерлер: Мағжан Шамшадин (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза (90 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг), Ғалымжан Қырықбай (+100 кг).

Әйелдер: Абиба Абужақынова (-48 кг), Ғалия Тынбаева (52 кг), Севара Нишанбаева (-57 кг), Эсмигул Куюлова (-63 кг), Анастасия Маякова (-70 кг), Аруна Жангельдина (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу