Жарыстың алғашқы күні армия спортшылары ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Шерзод Давлатов пен қатардағы жауынгер Нұрқанат Серікбаев екі қола медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шерзод Давлатов Бахрейн спортшысы Руслан Полторацкийден жеңіліп қалды. Жұбаныш жекпе-жегінде Алжир мен Франциядан келген спортшылардан басым түсіп, үшінші орын үшін болған кездесуде Кувейт өкілін жеңді.
Қатардағы жауынгер Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тунис спортшысын жеңгенімен, алжирлік спортшыға есе жіберді. Алайда швейцариялық және неміс дзюдошыларын жеңіп, қол медаль үшін болған жекпе-жекте итальяндық спортшыдан басым түсті.
Дзюдодан CISM әлем чемпионатына 35 елден 200 спортшы қатысып жатқанын айта кету керек. Жарыс 30 маусымға дейін жалғасады.