Дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты: Санжар Еруланұлы финалға шықты

241

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Еруланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті.

Дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты: Санжар Еруланұлы финалға шықты Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан 100 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында испаниялық Никита Юдановпен күресті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тартысты өткен белдесуде отандасымыз жеңісті жұлып алды.

Енді Санжар Еруланұлы финалда жапониялық Шокей Хираномен алтын жүлдені сарапқа салады.

Айта кетейік, бұған дейін Асқар Біржанов (100 келі) пен Әділжан Жаудинов (100 келіден жоғары) қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу