Дзюдодан әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындарының жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз жұбаныш белдесуінде Парагвай дзюдошысы Габриэла Нарваесті 2 минутта ұтты.
Енді ол қола жүлде үшін Жапония-Швеция балуандары жұбының жеңімпазымен белдеседі.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова бірінші белдесуінде Израиль балуаны Сара Ришониді Waza-Ari ұпайымен жеңсе, екінші кезеңде Тайпей спортшысы Чен-Хао Линнің жауырынын 17 секундта жер иіскетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу