Дзюдошы Айдар Арапов елордадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

471

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта жүлдегер атанды.

Дзюдошы Айдар Арапов елордадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Айдар Арапов Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Айдар қола медаль үшін өткен белдесуде нидерландтық Франк де Витпен күресті. Нәтижесінде жерлесіміз басым түсті.

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) алтын алса, Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) күміс, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) және Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу