Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

205

Қазақстандық дзюдошы Асқар Біржанов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Жерлесіміз 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Никита Юдановпен кездесті. Нәтижесінде Асқар Біржанов жеңіске жетіп, қола жүлдеге ие болды.

Осылайша ол әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу