Дзюдошы Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

404

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дзюдошы Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз финалда жарыс қожайыны Ахмед Юсифовпен кездесті. Шешуші белдесуде Әзербайжан өкілі басым түсіп, Шерзод Давлатов жарысты 2-орынмен аяқтады.

Шерзод Давлатов финалға дейін 5 белдесу өткізді. Ол 1/32 айналымда Тәжікстан өкілі Лойк Кудбудиновты, 1/16 айналымда Бурунди спортшысы Рауль Брийан Нганджиді жеңді.

Одан кейін бразилиялық Микел Аугустоны және Франция өкілі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ромен Валадье-Пикарды ұтты. Жартылай финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері әрі әлем чемпионы жапониялық Рюдзу Нагаямадан басым түсті.

Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионаты 12 қазанға дейін жалғасады. Биылғы додаға 93 елден 622 дзюдошы қатысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу