Дзюдошыларымыз Азия чемпионатын 4 қола жүлдемен аяқтады

292

25-27 сәуірі аралығында Бангкокте (Таиланд) дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Сары құрлықтың басты бәсекесіне 29 елден 289 спортшы қатысты.

Дзюдошыларымыз Азия чемпионатын 4 қола жүлдемен аяқтады Фото: olympic.kz

Турнирде спортшыларымыз аралас командалық сайыста қола жүлде үшін белдесуде Оңтүстік Кореямен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, командамыз 4-орынды қанағат тұтты.

Қазақстандық спортшылардан тек жекелей сайыста, атап айтқанда Ғалия Тынбаева (48 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Мейірлан Максим (90 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Жапония құрамасы 8 алтын және 3 қола медальмен командалық есепте сенімді түрде көш бастады. Екінші орынға 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен Өзбекстан құрамасы ие болды. Ал 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медалі бар Оңтүстік Корея 3-сатыға жайғасты.

Қазақстан құрамасының кеңесші бапкері Роберт Мшвидобадзе жас спортшылардың кейбір қателіктеріне қарамастан олардың лайықты өнер көрсеткенін атап өтіп, бұл турнирде жиналған тәжірибенің маңыздылығын тілге тиек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу