ЕАДБ аналитиктері ЖІӨ және теңге бағамы бойынша болжам берді

18643

2017 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 1,5%-ды, ал жылдық орта бағам- бір доллар үшін 338 теңгені құрайтын болады. 

ЕАДБ аналитиктері ЖІӨ және теңге бағамы бойынша болжам берді

2016 жылдағы Қазақстанның ЖІӨ өсімі Еуразиялық даму банкісі аналитиктерінің  (ЕАДБ) болжамы бойынша ҚР үкіметінің күткен 0,5%-ға қарсы 0,2% деңгейде.

ЕАДБ дайындалған макроэкономикалық шолуда 2016 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімін қалыпты жағдайда сақтап қалу экономиканы қолдау үшін бюджеттен тыс қаражатты пайдалануға мүмкіндік береді деп көрсетілген.

"2016 жылдың басында бюджеттік кешендегі айлық жалақының көтерілуі (30–40%-ға) ішкі сұранысты қолдаудың қосымша факторы болды. Сонымен бірге, "Нұрлы жол" орташа жеделдетілген мемлекеттік бағдарламасын іске асырудан басқа 2016 жылы дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар жоспары барысында қосымша бюджеттен тыс 2,8% көлемінде ЖІӨ қаражатын бөлу жоспарлануда, бұл ЖІӨ-нің осы жылы қосымша 0,4 пайыздық тармағының  өсуіне әкелуі мүмкін. Алайда, күтіліп отырған мұнай өндіру көлемінің төмендеуі мен мұнай бағасының ұзақ уақыт төменгі деңгейде болуы келешектегі  2016 жылы ішкі сұраныстың төмендеуіне және экспорттық кірістің қысқаруын ескертеді",- деп көрсетілген макроэкономикалық шолуда. 

ЕАДБ болжамы бойынша 2017-2018 жылдары Ресей және Еуро одақ тарапынан ішкі сұраныстың қалыпқа келуі, мұнай бағасының бірте-бірте өсуі, сонымен қатар Қашаған мұнай-газ кен орнын пайдалануды бастаумен экспорт пен жеке тұтынудың жақсы өсуі күтіледі.

"Инфрақұрылымдық инвестицияларды қолдау, индустралды-инновациялық бағдарламаларды дамыту мемлекеттік жобаларын іске асыру 2015-2019 жылдарда экономиканың өсуін жалдамдатуға көмектеседі. Сонымен қатар мұнай бағасының бір баррель үшін 40-50 доллар көлемінде ұзақ уақыт болуы ішкі сұранысты ынталандыру бойынша бюджетті-салықтық саясат мүмкіндіктерін шектейді. Бұл жағдайда  орташа мерзімді кезеңде бюджеттік шоғырлануды күшейту күтілуде, ал ЖІӨ орташа жылдық өсімі 2017-2018 жылдары 1,5–1,7% деңгейінде болады деп болжануда",-деп есептейді қаржы институтының сарапшылары.

Орташа жылдық бағамға келетін болсақ, онда ЕДБС болжамы бойынша 2016-2017 жылдары оның деңгейі бір доллар үшін 337-338 теңгеге сәйкес болады, ал 2018 жылы бір доллар үшін 353 теңге көлемінде болады.

 2016 жылдың соңына қарай инфлияцияның деңгейі 8,5%-ды құрайды, осы ретте бағалардың өсуі II тоқсанда болады, ал осы жылдың екінші жартысынан бастап инфлияциялық процестер ішкі сұраныстың әлсіздігімен және теңгенің құнсыздануы әсерінің аяқталуы есебінен баяулайды. "Шығарылымның кері алшақтығы , әлемдік нарықтағы азық-түлікке қатысты төмен бағалардың сақталуы, сонымен қатар валюталық бағамның тұрақталуы 2017-2018 жылдары инфлияцияның 5,5–6%-ға дейін төмендеуіне көмектеседі",- деп ЕДБС шолуында көрсетілген.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу