ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие – Тоқаев

1733

Еуразиялық экономикалық форумы өтіп жатыр

ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие – Тоқаев Фото: akorda.kz

 

Біз үшін, 2015 жылғы шартта көрсетілгендей, ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды. Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады",-деді Президент.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу