banner

Эдди Хирн: "Геннадий жақсы өнер көрсетеді деп үміттенемін"

1452

GGG мен Мурата арасындағы кездесу 9 сәуір күні өтеді.

Эдди Хирн: "Геннадий жақсы өнер көрсетеді деп үміттенемін"

Промоутер Эдди Хирн орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA супер чемпионы жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасында өтетін жекпе-жекке қатысты өз пікірін білдірді. Кездесу 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді. Алғашқыда желтоқсан айына жоспарланған жекпе-жек кейінге қалдырылған еді.

"Бұл сол баяғы Головкин және мен оған сенемін. Ол Мұратаны тоқтата алады деп ойлаймын. Мен екі жігіттің де (Головкин мен Канело) жекпе-жектерінде керемет көрінгенін қалаймын. Өйткені бұл бокстағы ең үлкен жекпе-жектің бастамасы болмақ. Головкиннің Сергей Деревянченкоға қарсы өткен жекпе-жегі керемет өтті. Бірақ бұл екі жыл бұрын еді. Камиль Шереметамен болған жекпе-жек мотивация беретін жекпе-жек деп айта алмаймын. Дегенмен Головкин оны мерзімінен бұрын жеңді. Ринг бәрін көрсетеді. Егер бұл баяғы Головкин болмаса, Жапонияда оны жеңеді. Бірақ мен бұл жекпе-жекте Геннадий жақсы өнер көрсетеді деп үміттенемін", – деді Хирн Fighthype басылымына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин  2020 жылдың желтоқсанында АҚШ-та поляк Камиль Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы титулын 21-ші рет қорғағаннан кейін  жекпе-жек өткізген жоқ. Ал Мурата соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында канадалық Стивен Батлерге (28-3-1, 24 КО) қарсы жекпе-жекте титулын сақтап қалды.

Жапониялық боксшыны жеңген жағдайда GGG рингке қыркүйекте қайта оралады. Головкин жартылай ауыр салмақтағы WBA белбеуі үшін мамыр айында ресейлік Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) жұдырықтасатын мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші кездесуге қол қойды.

USA Today Sports+ басылымының хабарлауынша, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек екінші орта салмақта (168 фунт) өтеді. Кедесу орны Лас-Вегас. Себебі Головкин мен Канело арасындағы алдыңғы екі жекпе-жек сол жерде өткен. Ол уақытта бірінші жекпе-жекте тең есеп тіркеліп, реваншта мексикалық жеңіске жеткен болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу