Едіге Емберді әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты

199

Қазақстандық спортшы Норвегияда өтіп жатқан әлем чемпионатында 6-нәтиже көрсетті. 

Едіге Емберді әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты

Фёрде қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық жас спортшы Едіге Емберді 79 келі салмақ дәрежесінде 6-орынға ие болды.

Ересектер арасындағы алғашқы ірі додасына қатысқан Едіге мықты қарсыластардың арасынан лайықты нәтижемен көзге түсті. Ол әлем чемпионы атанған италиялық Оскар Рейесті, сондай-ақ Еуропа чемпионы Ритварс Сухаверсті (Латвия) артта қалдырды.

Айта кетейік, Едіге Емберді биылғы шілде айында жастар арасында Азия чемпионы атанып, 347 келіні еңсерген еді. Фёрдедегі көрсеткіші арқылы ол жеке рекордын жаңартты.

В тобында тағы бір қазақстандық спортшы өнер көрсетті. 22 жастағы Петр Хребтов 330 келі (147+183) нәтижесімен 13-орынға тұрақтады. 

Бүгін 7 қазанда 88 келі санатында алматылық Әлібек Рахымберді өнер көрсетсе, 10 қазанда 110 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Мейрам ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, биылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2–11 қазан аралығында Норвегияның Фёрде қаласында өтуде. Дүбірлі додаға әлемнің 87 мемлекетінен 477 спортшы қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу