19 жастағы Эдуард Ким көркем жүзуден ел тарихында жүлде алған алғашқы қазақ атанды

409

Ел қоржыны жүлдемен толықты.

19 жастағы Эдуард Ким көркем жүзуден ел тарихында жүлде алған алғашқы қазақ атанды Фото: olympic.kz

Эдуард Ким Парижде өтіп жатқан көркем жүзу бойынша Әлем кубогында екінші орынға ие болды.

Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада 213,8167 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды.

Жарыста британдық Ранжу Томблин жеңіске жетті – 214,3966 ұпай. Үздік үштікті испаниялық Жорди Иглесиас түйіндеді – 213,5992 ұпай.

Бүгін, 1 наурыз күні спортшылар еркін бағдарламада жүлделі орындар үшін таласады. Бұл жарысқа 22 елден 167 спортшы қатысуда.

Айта кетейік, 2024 жылы Эдуард Ким Наргиза Болатовамен бірге аралас жұптар арасындағы (техникалық бағдарлама) әлем чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу