ЕЭК болат нарығын тексеруге кірісті

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
1898

Комиссия трансшекаралық нарықта бәсекелестік тәртібінің бұзылуы туралы істі бастап кетті.

ЕЭК болат нарығын тексеруге кірісті

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) 2017 жылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында бәсекелестік ережелерінің бұзылуы туралы екі бірдей істі бастады. Бұл туралы ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқаның мүшесі (министр) Марат Құсайынов Петерборда өткен VII халықаралық заң форумында айтып берді.

"2017 жылы ЕЭК бәсекелестік ережелерінің бұзылуы туралы екі істі бастады. Оның бірі одақтағы үш елдің аумағын қамтитын трансформаторлар өндірісіне арналған арнайы трансшекаралық болат нарығында анықталса, екіншісі Армениядан "бестікке" кірмейтін елдерге жолаушылар тасымалдау нарығында орын алды", – делінген ЕЭК-тің мәлімдемесінде.

Сонымен қатар ЕАЭО елдерінен түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша және ЕЭК-тің бастамасымен автокөлік шиналары; жеңіл автокөліктер мен қосалқы бөлшектер; теміржол көлігіне арналған болаттан тұтас құйылған дөңгелектер;  жүк көліктері, қосалқы бөлшектері мен жөндеу жұмыстары; крафт-қағаз; теміржол төсемелері; білдек жасау өнімдері секілді нарықтарда бәсекелестік ережелерінің бұзылу көріністері бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Марат Құсайынов алдағы уақытта тәртіп бұзушыларға айыппұл салынбай, бәсекеге жағымды әсер ететін міндеттемелерді өз еркімен қабылдау механизмін енгізу маңызды деп есептейді.

"ЕЭК-тің міндеті – тәртіп бұзушылықтарды іздеп қана қоймай, оның алдын-алу, бәсекелестік шарттарымен қалыптасатын нарықтың жағдайын түзету, – деп баса айтты Марат Құсайынов. – Мысалға жаһандық нарықтарда осы жұмыстың арқасында мобильді байланыс операторларының роумингтегі қызмет бағасын 5-14 есеге төмендетуге қол жетті".

ЕЭК министрі бұл мәселемен комиссиямен қатар монополияға қарсы органдар мен мобильді операторлар да айналысқанын атап өтті. Оған кеңесулерден кейін нарықта ашық әрі адал әрекет етудің тәжірибесі секілді тәсіл қолданылған.

Марат Құсайынов ЕЭК-тің заң қолдану тәжірибесі туралы жан-жақты әңгімеледі. Дәлірек айтсақ, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерінің бұзылуын анықтау және оған жол бермеу, монополиялық бағаларды анықтау рәсімдерін зерттейтін, сондай-ақ тәртіп бұзғандарға айыппұл есептеу жөніндегі нормативті актілер жасалып, ЕАЭО туралы шартқа сәйкестендірілді. ЕЭК және мүше мемлекеттердің бәсекелестікті қорғау жөніндегі органдарының өзара қарым-қатынас жасау механизмдері жасалды.

Әйгерім Сүлейменова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу