Егор Крупяков Қытайдағы Азия кубогында күміс медаль жеңіп алды

273

Спортшы жарысты 1 сағат 55 минутта аяқтады.

Егор Крупяков Қытайдағы Азия кубогында күміс медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық триатлоншы Егор Крупяков Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз ерлер арасындағы жарыста қашықтықты 1 сағат 55 минутта бағындырып, мәреге екінші болып жетті.

Бірінші орынды ресейлік Павел Сорокин иеленді. Ол 1 сағат 54 минут 6 секунд нәтиже көрсетті. Ал Қытай өкілі Любо Чжан (1:55:01) үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандық Арлан Жаңабай 12-орынға, Дарын Қонысбаев 13-орынға тұрақтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу