ЕХРО-2017 көрмесіне 425 мың адам атбасын бұрған

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
3412

Көрмеге аяқ басқандардың жалпы саны қайталап кіру есебінен 2,7 млн болған.

ЕХРО-2017 көрмесіне 425 мың адам атбасын бұрған

19 маусым мен 25 маусым аралығында ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін 168 675 адам тамашалаған, яғни орташа есеппен алатын болсақ күніне 24 096 адам келген.

Алғашқы тоғыз күнде көрмеге 205 561 адам келген, бұл орташа есеппен күніне 22 840 адам деген сөз.

Ал 10 маусым мен 25 маусым аралығында келгендердің саны 374 236 болған. Ал бұл көрсеткіш 27 маусым күні 425 377 адам болған деп хабарлады көрменің медиа орталығы.

10 маусым мен 27 маусым аралығында көрмеге келгендердің (көрменің барлық нысандарына келгендердің жиынтық саны) жалпы саны – 2 774 527 болған.

Ең көп араланған павильондардың қатары келесідей:

1.      Ресей

2.      Өзбекстан

3.      Үндістан

4.      Әзербайжан

5.     Африка плазасы

6.      Мысыр

7.      Қытай

8.      Түркия

9.     Біріккен Араб әмірліктері

10.    Малайзия

Ең көп араланған нысандар тобына кіргендер:

1.      "Нұр-Әлем"

2.      Коммерциялық павильондар

3.      "Шелл" балалар зертханасы

4.      Дю Солей циркі

5.      С 3.5 тақырыптық павильон

6.      Амфитеатр

7.      С 2.4 тақырыптық павильон

8 .    Шығармашылық энергия аймағы

9.      Корпоративтік павильон

10.    Балалар саябағы.

Қауіпсіздік желісі бойынша 178 оқиға тіркелген. Оның көбісі адасып қалған балаларды іздеуге қатысты болған. Сондай-ақ 146 медициналық көмек көрсету оқиғасы болған, мұның көбісі күн өту, шаршау, сонымен бірге созылмалы аурулардың асқынуынан болған.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу