Екатерина Дмитриченко Египеттегі турнирдің алғашқы кезеңінен сүрінбей өтті

1100

Қазақстандық теннисші Екатерина Дмитриченко Каирде өтіп жатқан ITF сериялы турнирінің алғашқы кезеңінде екі күн ішінде екінші мәрте Словакия өкілі Барбара Матусованы жеңді.

Екатерина Дмитриченко Египеттегі турнирдің алғашқы кезеңінен сүрінбей өтті

Жүлде қоры 15 мың долларды құрайтын турнирдегі Дмитриченко мен Матусова арасындағы алғашқы кездесу сейсенбі күні жұптық сайыстың бірінші кезеңінде өтті. Дмитриченко неміс қызы Антония Шмидтпен бірге, ал Матусова корт қожайыны, мысырлық Абдель Альхусейнмен дуэтте өнер көрсетті. Екі сағатқа жуық Бұл кездесу қазақстандық-германиялық жұптың жеңісімен, 6:2, 7:6 есебімен аяқталды.

Дмитриченко/Шмидт жұбы ширек финалға шығып, қытайлық қыздар Чжунгу Ли және Юми Жумамен сайысқа дайындықты бастап кетті. Бүгін кешке Каирде жұптық сайыстың ширек финалы өтеді. Сондай-ақ сәрсенбі күні Дмитриченко жекелей сында тағы да Матусовамен кездесті. Әлемнің 788-ракеткасы алтыншы нөмірмен өнер көрсетті және осы кездесудің фавориті болды. Себебі қазақстандық теннисші қыз рейтингте 915-орында тұр. Оған қоса сәуір айында Каирде өткен ITF сериялы турнирде Матусованы үш кезеңде 6:4, 6:7, 6:1 есебімен жеңді. Бұл жолы Дмитриченко Словакия өкілін мерзімінен бұрын жарысты аяқтауға мәжбүрледі. Бірінші сет 0:6 есебімен Екатиринаның пайдасына аяқталды. Екінші сетте қазақстандықтың пайдасына есеп 2:1 болғанда Мутусова ойынды жалғастырудан бас тартты. Дмитричиенко екінші айналымда италиялық Франческа Пейспен шеберлік байқасады.

Сонымен қатар Қазақстандық қыздар елордадағы "Дәулет" теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) жартылай финалына шықты. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

Қыздар 2019 жылғы чемпиондық атағын сәтті қорғауда. Жарыстың екінші күні қазақстандық қыздар Малайзия құрамасын 3:0 есебімен ұтты. Сабина Шухратова Адани Райнанға бірде-бір гейм берген жоқ. Ева Корышева да Дани Даниеланы оңай ұтты – 6:2, 6:3. Е. Корышева мен Эвелина Балаганская жұптық сында Абд Хазли – Умирахтан басым түсті – 6:2, 6:1. Топтық сындағы соңғы матчын қазақстандықтар Үндістанмен өткізеді. Жеңіліссіз келе жатқан қос команда да жартылай финалға жолдама алды. Енді қай жеңгені жартылай финалға бірінші орынмен шығады.

Өкінішке қарай, қазақстандық жігіттер Таиланд құрамасынан жеңіліп қалды – 1:2. Әуелі Мадияр Тағыбеков Суратитотин Кан Тхатқа есе жіберді – 3:6, 2:6. Ярослав Пшеничный жекелей сында таразы басын теңестірді. Әйтсе де жұптық сында Я. Пшеничный мен М. Тағыбеков Кан Тхату меен Пнгайядан айласын асыра алмады – 5:7, 2:6. Енді қазақстандық жігіттерге қалайда жартылай финалға шығу үшін Иордания құрамасын ұту керек.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу