ЕҚДБ "Бейнеу-Шымкент" газ құбырын жаңғыртуға қатысуы мүмкін

4386

Жобаны қаржыландыруға шамамен 130 млрд теңге қажет, оның жартысы валюталық қарызды айырбастауға кетеді.

ЕҚДБ "Бейнеу-Шымкент" газ құбырын жаңғыртуға қатысуы мүмкін

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) "Бейнеу-Шымкент" газ құбырын жаңғыртуға 300 млн долларға дейін қаражат бөлуі мүмкін, бұл 130 млрд теңгеге тең. Бұл туралы халықаралық банктің сайтында орналастырылған байқау түріндегі хабарландыруда айтылған.

Бейнеу-Шымкент газ құбырының иесі және операторы саналатын "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС атынан қарыз алушыға 130 млрд теңге қаржы беруі мүмкін деп болжанып отыр.

"Қарыз жұмыс істеп тұрған "Бозай" компрессорлық газ станциясын жаңғырту мен ұлғайтуға, "Керейт" газ өлшеу станциясын салуға және тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ қарыз алушының тұрақты валютадағы бар міндеттемелерін ұлттық валютада қорландыру арқылы балансын оңтайландыруға жұмсалады", – деп көрсетілген ЕҚДБ хабарламасында.

"ҚазТрансГаз" (ҚТГ) сайтында "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорын деп жазылған. ҚТГ-ның корпоративтік сайтында "Бозай-Шымкент" учаскесінің желілік бөлігін, өткізу қабілеті жылына 2,5 млрд текше метрге дейін жететін "Бозай" газ өлшеу станциясын пайдалануға беру туралы мемлекеттік қабылдау актісіне 2013 жылдың желтоқсанында қол қойылғаны жазылған. "Бейнеу-Шымкент" газ құбыры 2012-2017 жылдары екі кезеңмен салынған.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу