Париждегі Олимпиада ойындарында сербиялық теннисші Рафаэль Надальға қарсы өткен мерейтойлық ойынын екі сетте аяқтады — 6:1, 6:4. Матч бір сағат 43 минутқа созылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Теннисшілердің жеке кездесулердегі есебі Джоковичтің пайдасында 31:29.
Үшінші айналымда Новак Доминик Кепфер (Германия)-Маттео Арналди (Италия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, Джокович 2008 жылы Бейжіңде өткен ойындарда қола жүлдеге қол жеткізіп, әлі Олимпиада чемпионы атанған жоқ. Ал Рафаель Надаль екі рет 2008 және 2016 жылы өткен ойындарында Олимпиада алтынын жеңіп алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу