Екі апта ішінде жол қозғалысы 175 мың рет бұзылды

1260

"Қауіпсіз жол" алдын алу шарасының 2 аптасында 175 мың жол қозғалысы ережесін бұзу жағдайы тіркелді.  

Екі апта ішінде жол қозғалысы 175 мың рет бұзылды Фото: opennews.kz

Көлік құралдарының айыппұл тұрағына шамамен 4,5 мың көлік қойылып, 1 673 МНТБ тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қауіпсіз жол" іс-шарасының басты мақсаты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

"Іс-шара аясында, яғни 5 ақпаннан бастап осы айдың соңына дейін жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істейді. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін жолдағы нарядтардың тығыздығы артады.

Күн сайын республика көлемінде 7 мыңнан астам патрульдік полиция қызметкері, оның ішінде 1,5 мыңға жуығы қала сыртындағы автожолдарда сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуде. Қауіпсіздік белдіктерін, балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалану сияқты маңызды аспектілерге ерекше назар аударылады, сондай-ақ автокөлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынады. Біз сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін және жол жүрісі қағидаларының басқа да талаптарын сақтауға шақырамыз", — деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Спикердің айтуынша, жедел алдын алу шарасының 2 аптасында 175 мың жол қозғалысы ережесін бұзушылық, соның ішінде:

  • міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзғандар (230-бап) 5 мыңнан астам,
  • тиісті санатсыз көлікті басқарғандар (612-баптың 2-бөлігі) – 1104,
  • жолаушыларды заңсыз тасымалдағандар (463-бап) 150-ден жоғары,
  • мемлекеттік нөмірсіз немесе тиісті тіркеусіз (590-баптың 2-бөлігі) – 1328,
  • мас күйінде басқарғандар (608-бап) - 789,
  • маневр жасау ережелерін бұзғандар (595-бап) - 7787,
  • жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермегендер (600-баптың 1-бөлігі) - 2802,

Көлік құралдарының айыппұл тұрағына шамамен 4,5 мың көлік қойылып, 1 673 МНТБ тәркіленді.

Сонымен қатар, "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы аясында 15 ақпаннан бастап балалардың жол-көлік жарақатына бағытталған "Сіздің балаңыз жолаушы!" акциясы өткізілуде.

"Республика бойынша бір айда біз 15 кәмелетке толмағандардан айырылдық, оның 12-сі жолаушы рөлінде болды және ата-аналардың абайсыздығынан қаза тапты", — деді полиция өкілі.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында цифрлық шешімдер енгізілуде. Қазір жолдарда жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін 22 мың автоматты камера орнатылған. Олардың көмегімен барлық бұзушылықтардың 50% -ы тіркеледі.

Сондай-ақ, біз қасақана құқық бұзушылар бойынша жұмыс жасаймыз. Біз "Қорғау" бағдарламасын қолданамыз. Бұл бағдарлама жалған нөмірлері бар, сақтандырусыз, іздеуде жүрген немесе жол қозғалысы ережелерін бұзатын және айыппұлдарды төлемейтін көліктерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Бұрын сол үшін барлық көліктерді тоқтатып, құжаттарды тексеру қажет болатын, ал қазір жүйе көше камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне "қауіпті" жүргізуші жақын жерде жүргені туралы хабарлама жібереді. Осылайша, полиция жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға бірден ден қояды", — деп түсіндірді Ақтоты Боранова.

Бағдарламаның көмегімен жалған нөмірлерді пайдаланудың 1,5 мыңға жуық фактісі анықталды. Жүргізуші куәлігінен айырылған 6 мың жүргізуші анықталды, 8,5 мың мемлекеттік нөмір тәркіленді. Айыппұл тұрағына 29 мың автокөлік қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу