Екі бірдей жеңіл атлетіміз Олимпиаданың іріктеу кезеңінен ары аса алған жоқ

270

Өкінішке қарай, Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая 12 спортшының қатарына іліге алмады. 

Екі бірдей жеңіл атлетіміз Олимпиаданың іріктеу кезеңінен ары аса алған жоқ Фото: Владислав Семенов

Олимпиада ойындарында Қазақстанның екі бірдей жеңіл атлеті Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінен ары аса алған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандастарымыз бүгін биікке секіру бәсекесінде өздерінің бағын сынаған еді. Аталған сайысқа жалпы 32 спортшы қатысып, келесі кезеңге үздік деп танылған 12 спорты өтті.

Надежда Дубовицкая 1,88 метрді бағындыра алмады. Ал Елизавета Матвеева 1,92 метр биіктікке секіре алмады. Осылайша қос қазақстандық жеңіл атлет финалдық кезеңге жолдама ала алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу